Caravan Logo

ВИЧ індетін жұқтырғаны 6 жылдан соң анықталған бала төңірегіндегі дау ушыға түсті

ВИЧ індетін жұқтырғаны 6 жылдан соң анықталған бала төңірегіндегі дау ушыға түсті

ВИЧ жұқтырған баланың туысы:

- Сендер өздеріңнің жылы орындарыңды қорғап отырсыңдар ма, жоқ баланың мүддесін ойлап отырсыңдар ма. Мына науқас тарихнамасында баланың ВИЧ -ті Өзбекстанда жұқтырғанын айтыпсыңдар. Ол Қазақстан азаматы. Және өзге елге барып емделген емес бала! Оған ата-анасының жағдайы да жоқ!

Денсаулық сақтау саласының шенеуніктері қатерлі дерт кеш анықталған бала індетті көрші елден жұқтырған деп ақталуға тырысты. Алайда, бүлдіршін 2005 жылы, балалардың ВИЧ індетін жаппай жұқтыру оқиғасы орын алған мекемеде емдеуде болғанын ақ халаттылардың өздері де мойындап отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетіне шалдыққан 229 бала болса, соның жүзге жуығының 20-сыншы ғасыр дертін қайдан жұқтырғаны әлі күнге анықталмаған. Ал денсаулық сақтау саласының атқамінерлері мінберден әдемі сөз айтып ақталғысы келеді.


Салтанат Жабағиева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

- Мемлекет үшін баланың қай қалада, қай елде жұқтырғаны маңызды емес. Біз үшін маңыздысы осы дертті дер кезінде анықтап, дұрыс емдеу маңызды.