ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.08
  • 558.28
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

Ресей ғалымдары жасап шығарған АИТВ-ға қарсы жаңа препарат вакцина тәрізді. Ол адамның иммун тапшылығы вирусын толығымен емдей алады.
Бұл туралы федералды медициналық-биологиялық агенттіктің постгеномдық технологиялар орталығының жетекшісі Герман Шипулин айтты, деп хабарлайды Stan.kz -ақпарат агенттігі RG-ге сілтеме жасай отырып.

  • 3 Қараша 2021
  • 458
Фото - Caravan.kz


Ғалым ешкім әлі АИТВ-ға қарсы вакцина жасай алмағанын атап өтті.

"АИТВ антиденелерге қарағанда тезірек қозғалады, адам ағзасы оны бақылап үлгермейді", – деді Шипулин.

Алайда оның айтуынша, антиденелердің тиімділігін жасанды түрде басқаруға болады. Ресейлік препарат осыған негізделген.

"Оның әсер ету процесіне келсек, ағза тиімділігі басым антиденелермен толтырылады, яғни вирустың барлық түрін жеңу үшін вирустың бірнеше түрі араласады. Антиденелердің арасында инфекцияланған АИТВ жасушаларын жоятындар да бар. Егер бұл антиденелер жасушалардың бөлінуін бір уақытта жасаса, онда АИТВ-ны толық емдеуге болады", – дейді маман.