Дегенмен де оның қойшы емес, кәсіби дәстүрлі әнші екені белгілі болды.
Бұл туралы әншінің өзі "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтып берді, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Бұл әнді нақышына келтіріп орындаған әншінің аты-жөні Дінисламбек Жайлаубай екені белгілі болды.
"Бұл жалған ақпарат. Бұл видео жақсы жүріп жатты. Бұдан кейін "25", — деген әнді айтқан болатынмын. Қуырдақ жеп отырып орындаған әнім бар. Сол екі видеом қатты жүріп жатты. Бұл видео Қатон-Қарағайға дейін жеткен, сол жерде біреу өтірік сыбыс естіген болу керек. Ол "Қойшы", — деп жазып жіберген кезде одан да жақсы өтті", — деп айтты ол.
Бағдарламаға қатысқан сарапшылар бұның жақсы пиар болғанын айтты.
Дінислам Жайлаубай қазіргі таңда Нұр-Сұлтандағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымының "Халық бөлімінде" дәстүрлі әнші болып қызмет атқарады.
Ол қазір 80-90 мың теңге айлық алатынын айтты. Тіпті бір жылдары елдің дәстүрлі ұлттық өнерге деген көзқарасынан түңіліп, 4 жыл жұмыссыз жүрген кезі де болған екен.