«Қазір аталған ойындарға арналған спорттық киімнің жобасы дайын болды. Отандық спортшылардың дайындығы да қызу жүріп жатыр. Азиялық ойындар спорттың 11 түрінен өтеді»,- деді вице-министр.
Оның айтуынша, «VII қысқы Азия ойындары өтетін спорттық нысандардың жартысынан астамы биыл спортшыларды қабылдауға дайын болады. Тек инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары ғана қалады. Азия ойындары Астана мен Алматы қалаларындағы тоғыз түрлі спорттық нысанда өтеді. Олардың арасында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, «Медеу», «Қазақстан» спорт кешендері және тағы басқалар бар. Жөндеу және құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр», деді вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.