“Википедианың” қазақша нұсқасын дамыту ісі қолға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Википедианың”  қазақша нұсқасын дамыту ісі қолға алынды

“Википедианың” қазақша нұсқасын дамыту ісі қолға алынды

Елімізде “Википедиа” ашық энциклопедиясының қазақша нұсқасын дамыту ісі қолға алынды. Қазір энциклопедияда жарияланатын мемлекеттік тілдегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру көзделіп отыр. 

  • 17 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Қазақша “Википедиаға” бүгінге дейін 25 мың материал шығыпты. Оның 15 мыңы өткен бір айдың ішінде ғана пайда болған. Жобаны жүзеге асырушылар осы жылдың аяғына дейін, яғни тура ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы күні бұл көрсеткішті 200 мыңға жеткіземіз дейді. Аталмыш электрондық энциклопедияға қазақша мақаланың көптеп шығуы мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге де зор ықпал жасайды. Өйткені оның таралу ауқымы кең. Қазір “Википедияда” әлемнің 281 тіліндегі 18 миллион мақала бар екен.


Рауан Кенжеханұлы, «Wikibilim» қорының құрылтайшысы
:

— Википедиа энциклопедиясы 10 жылдың ішінде әлемдегі бүгінгі таңдағы ең танымал 10 веб-ресурстың қатарына кіріп, ғаламдық қозғалысқа айналды. Қазіргі таңда ай сайын википедиа энциклопедиясына 400 млн-нан астам адам кіріп қарайды. 

Соңғы жаңалықтар