Жарияланды: 470

Википедиашылар арасында «Вики жарыс» конкурсы жарияланды

Википедиашылар арасында «Вики жарыс» конкурсы жарияланды

Қазақ тілді википедиашылар арасында «Вики жарыс» конкурсы жарияланды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Wikibilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы айтты.

Аталған конкурсқа "Nokia" компаниясы қолдау әрі демеушілік танытқан. Бүгіннен басталатын конкурсқа барлық ниет білдірген "википедияшылар" қатыса алады. Бәйге "Ең белсенді редактор" және "Ең үздік мақала" аталымдары бойынша өтеді. Алғашқы аталым бойынша "Википедиа" мақалаларын өңдеуге қатысқан, рейтингі жоғары 40 адам жеңімпаз танылады. Екінші аталым бойынша қорытынды шығарылар алдындағы 10 аптаның үздік мақаласы анықталады, осы 10 мақаланың авторлары үздік мақала бәйгесінің жеңімпазы болмақ. Аталған екі бәйгенің жеңімпаздары "Nokia" компанияның смартфондарына ие болады. Бәйге қорытындысы 2011 жылдың 16 желтоқсанында шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, Википедиа энциклопедиясына мақала қосып немесе өңдеуге қатысып жүргендердің барлығы википедиашы аталады. Бұл санатқа кез-келген адам қосыла алады. Википедиашы атанып, вики бәйгесіне қатысу үшін "Wikipedia" ашық энциклопедиясының www.kk.wikipedia.org қазақша бетінде тіркеліп, қазақ тілінде кем дегенде 1000 сапалы мақаланы Wikipedia-ға салу, сондай-ақ өзіңіз туралы мәліметтерді wikibaige@wikibilim.kz адресіне жолдау қажет. Мақаладағы сөздердің саны 500-ден кем болмауы керек. Мақалада кем дегенде бір тақырыппен байланысты сурет болуы шарт. Мақала толығымен викилендірілген (мақала тарауларға бөлініп, ішкі және сыртқы сілтемелер жасалып, автор немесе пайдаланылған әдебиет, мақаланың санаты және т.б. көрсетілуі шарт) болуы керек. Толық ережелерді www.kk.wikipedia.org сайтының "анықтама" бөлімінен және www.wikibilim.kz сайтынан табуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін