Виктор Храпуновқа қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виктор Храпуновқа қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Виктор Храпуновқа қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Экс-министр, экс- әкім Виктор Храпуновқа қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты бүгін «Время» газеті таратты, Қаржы полициясыда теріске шығарған жоқ. Ал кейбір сарапшылар болса, қазір Қазақстанның емес, Швейцарияның тұрғыны Храпуновқа, бірінші кезекте,мемлекеттік қызметте жүргенде «лауазымын асыра пайдаланды»деген айып тағылатынын айтуда.

  • 30 Маусым 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетейік, Виктор Храпунов Алматы қаласын 7 жыл қатарынан басқарған. Кейін, 2004 жылы туған өңірі –Шығыс Қазақстан облысына әкім болып ауысты. Одан соң Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған   Храпунов мырзаның  Алматы маңындағы жер телімдерін заңсыз үлестіргені әшкерелерініп, аталмыш қызметінен отставкаға жіберілді. Алайда ол кезде құқық қорғау органдары тарапынан Храпуновқа қатысты ешқандай да тергеу жүргізілмеді. Мұнан соң ол қонысын ауыстырды. Қазір оның өзі де, балалары да ресми түрде Швейцариядағы ең бай 300 адамның тізіміне енген. Ұлы — Ілияс Храпуновтың байлығы  350 млн швейцария франкін құрайды. Бұл, шамамен, 343 млн АҚШ доллары. Қызы Эльвира Храпунова — "Бельдимани" зергерлік дүкендер желісімен Женеваның элиталық ауданындағы зәулім үйдің иесі.  

Соңғы жаңалықтар