Естеріңізге сала кетейік, Виктор Храпунов Алматы қаласын 7 жыл қатарынан басқарған. Кейін, 2004 жылы туған өңірі –Шығыс Қазақстан облысына әкім болып ауысты. Одан соң Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған Храпунов мырзаның Алматы маңындағы жер телімдерін заңсыз үлестіргені әшкерелерініп, аталмыш қызметінен отставкаға жіберілді. Алайда ол кезде құқық қорғау органдары тарапынан Храпуновқа қатысты ешқандай да тергеу жүргізілмеді. Мұнан соң ол қонысын ауыстырды. Қазір оның өзі де, балалары да ресми түрде Швейцариядағы ең бай 300 адамның тізіміне енген. Ұлы - Ілияс Храпуновтың байлығы 350 млн швейцария франкін құрайды. Бұл, шамамен, 343 млн АҚШ доллары. Қызы Эльвира Храпунова - "Бельдимани" зергерлік дүкендер желісімен Женеваның элиталық ауданындағы зәулім үйдің иесі.