Көрмеге қазақстандық суретшілердің графикалық миниатюралары мен тәуелсіз Қазақстанның тарихына қатысты фотосуреттер жинағы қойылған. Көрменің ашылу салтанатына Литваның өнер және ғылым қайраткерлері, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Көрмеге қатысушылардың пікірінше, мұндай шараларды өткізіп тұру екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және оны дамытуға түрткі болмақ. Литваның мәдениет қайраткерлері қазақстандық әріптестерімен өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра түсуге ниет білдіріп, Қазақстанға үлкен қызығушылық танытты.