Жарияланды: 550

Вильнюсте ЕҚЫҰ бастамасымен журналистердің қауіпсіздігі мәселесін талқылайды

7-8-ші маусымда Вильнюсте өтетін халықаралық кеңесте ЕҚЫҰ мемлекеттеріндегі журналистердің қауіпсіздігі мәселесін талқылайды.

Оның бастамашысы ЕҚЫҰ, БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілдігі, сондай-ақ биыл ЕҚЫҰ-на төрағалық етіп отырған Литва Республикасы. Форум ашылуында Литваның президенті Даля Грибаускайте, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, ЕҚЫҰ ПА төрағасы Петрос Эфтимиу, БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі Дуня Миятович т.б. өкілдер сөз сөйлейді деп күтілуде. Журналистерге қауіпсіз жағдай жасау ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Одан кейін «ЕҚЫҰ журналистерге жасалған барлық шабуылдар мен баспасөзге деген қырғиқабақ танытқан жағдайлардың барлығын талқылап, шабуылдарға жауапты адамдарды тікелей жауапркершілкке тартуға тырысады» деп көрсетілген. Дүйсенбі күні таңертең қазақстандық делегация Вильнюске аттанды. Оның құрамында халықаралық сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» қорының төрайымы Тамара Калиева, «Новая газета – Казахстан» газетінің бас директоры Александр Краснер, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен басқа да республиканың журналистік қауымдастығының өкілдері бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть