Вильнюстегі форумның қатысушылары ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттерде журналистердің қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вильнюстегі форумның қатысушылары ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттерде журналистердің қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді

Вильнюстегі форумның қатысушылары ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттерде журналистердің қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді

Демократиялық қоғам азаматтар ақпараттандырылса, ақпаратқа еркін қолжетімділік болса ғана, тұрақты түрде қызмет ете алады, деп есептейді Литва журналистері одағының төрағасы Дайнюс Радзевичус.

  • 8 Маусым 2011
  • 352
Фото - Caravan.kz

«Сондықтан да бізге журналистердің қауіпсіздігіне қатысты жағдайды зерттеп, сараптау қажет. Сондай-ақ, біз өздеріміздегі проблемалар туралы ақпарат алмасуға тиіспіз. Заңнаманы, құқық қорғау тәжірибесін, сот жүйесін реформалау бойынша не істеу керектігін талқылап, ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттерде журналистердің қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге кірісу керек», — деді ол сәрсенбі күні журналистердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық кеңесте.

Литвалық журналистердің басшысы кәсіби қоғам құқық қорғау органдары мен заң шығарушылар қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ете алатынына қатысты мәселелерді көтеруге тиіс екенін айтты.

Бұрын хабарланғандай, халықаралық кеңес Литваның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында өткізіліп, оны ұйымның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілдігі мен Литваның сыртқы істер министрлігі ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар