Винченцо Нибали «Джиро дИталия» көпкүндiгiнiң жекелей сынында топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Винченцо Нибали «Джиро дИталия» көпкүндiгiнiң жекелей сынында топ жарды

Винченцо Нибали «Джиро дИталия» көпкүндiгiнiң жекелей сынында топ жарды

"Астана" қазақстандық велокоманданың шабандозы Винченцо Нибали "Джиро дИталия" көпкүндiгiнiң 18-кезеңiнде жеңiмпаз атанды.

  • 24 Мамыр 2013
  • 257
Фото - Caravan.kz

Бұл кезең жекелей сында өттi және 20,6 шақырымға созылды. «Астана» капитаны бұл қашықтықты 44 минут 29 секунд iшiнде бағындырды. Euskatel Euskadi командасының спортшысы испандық Самуэль Санчес жеңiмпазға 58 секунд есе жiберiп, көмбеге екiншi болып келдi. Cannondale клубының шабандозы Дамиано Карузо бұл сында үздiк үштiктi түйiндедi.

Кезеңде қол жеткiзген жетiстiгiнен кейiн Нибали өзiнiң жалпы есептегi көшбасшылығын нығайтты. Ендi ол өзiнiң негiзгi бәсекелестерi — Кадель Эвансты 4 минут 2 секундқа, Ригоберто Уранды 4 минут 12 секундқа озып тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера