Винокуров жеңісті Колобневтен 150 мың еуроға сатып алды,- дейді Велосипедшілердің халықаралық одағы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Винокуров жеңісті Колобневтен 150 мың еуроға сатып алды,- дейді Велосипедшілердің халықаралық одағы

Винокуров жеңісті Колобневтен 150 мың еуроға сатып алды,- дейді Велосипедшілердің халықаралық одағы

Қазақстандық велосипедші Александр Винокуров пен оның ресейлік әріптесі Александр Колобнев алмасқан мейлдерге қарағанда, спортшылар 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льежде болған жарыста өзара коммерциялық мәміле жасасқан,

  • 5 Қараша 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады жексенбіде Велосипедшілердің халықаралық одағына (UCI) сілтеме жасай отырып бельгиялық БАҚ.

А.Винокуров пен А.Колобневтің бір-біріне жазған хаттарын өткен сенбіде итальяндық «Коррьере дела Сера» газеті жариялады, яғни онда 2011 жылы желтоқсанда швейцарлық «Иллюстре» басылымы жариялаған гипотеза расталып отыр.
Бұл хаттарды UCI және Льеж прокуратурасына доктор Микеле Ферраридің допингтік махинацияларын зерттеуші Падуи прокуратурасы берді.
Микеле Феррари ісін тергеу шаралары аясында құқық қорғау органдары анықтағандай, хаттарда А.Колобнев А.Винокуровқа жарысты қолдан бергендігін есіне салады және алғыс күтетіндігін білдіреді, А.Винокуров жауабында уәдеде тұратындығын жазған.
Тергеу деректеріне қарағанда, сосын А.Винокуровтың Credit foncier Монако банкісі есебінен А.Колобневтің BSI Локарно (Швейцария) есебіне 100 мың , артынан 50 мың еуро аударылған.

Соңғы жаңалықтар