Жарияланды: 390

«Винокуров-Колобнев ісіне» қатысты сот алдағы жылы өтеді

Александр Винокуров пен Колобнев ісіне қатысты сот келер жылы 7 қаңтар күні өтеді.

Бұл туралы Халықаралық велоспорт қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды alaman.kz. Ал 22 қараша күні алдын ала тыңдау өтеді. Бұл күні отырысқа велоспортшылардың адвокаттары мен «Астана», «Катюша» командаларының өкілдері қатысады. Ал 7 қаңтар күнгі сотқа екі спортшының келуі міндетті. Естеріңізге сала кетейік, 24.kz Александр Винокуров «жеңісті сатып алды» деп айыпталып жатқандығын хабарлаған болатын. Италияның құқық қорғаушылары Олимпиада чемпионы Александр Винокуровты «пара берді» деп айыптап отыр. Олардың пікірінше, 2010 жылғы «Льеж-Бастонь-Льеж» веложарысындағы қазақстандық шабандоздың жеңісі алдын ала келісілген. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров төңірегінде дау шықты. Италияның Падуи қаласының құқық қорғау қызметкерлері қазақстандық саңлақтың 2010 жылғы «Льеж-Бастонь-Льеж» біркүндік веложарыстағы жеңісі сатып алынды деген пікірде. Жергілікті прокуратура Винокуровтың ресейлік спортшы Александр Колобневпен 150 мың еуроға келісіп, Швейцария банкі арқылы уәде етілген ақшаны аударғаны туралы нақты дәйектерді алға тартып отыр. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл додада мәреге Винокуров бірінші, ал Колобнев екінші болып келген еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін