Вирусқа қарсы алғашқы вакцина мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вирусқа қарсы алғашқы вакцина мақұлданды

Вирусқа қарсы алғашқы вакцина мақұлданды

Бұл эпидемияның шыққан жері - Батыс Африка.

  • 20 Желтоқсан 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

АҚШ-та эбола вирусына қарсы алғашқы вакцинаны қолдануға рұқсат берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ria.ru-ға сілтеме жасап.

«Бүгін FDA агенттігі 18 жастан асқан адамдар арасында Эбола вирусының алдын алу үшін агенттік бекіткен алғашқы вакцина, Erveboны қолдануға рұқсат бергенін мәлімдеді», — деген мәтінде агенттіктің ресми сайтында ақпарат жарияланған.

 Естеріңізге салсақ, Эбола эпидемиясы шамамен 5 жыл бұрын пайда болған. Бұл эпидемияның шыққан жері — Батыс Африка. Бұған дейін бұл дертті емдейтін арнайы ем болмаған.


Эбола — эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка).