Витас: Жеке өзім сотқа барған жоқпын. Алдағы уақытта да бармаймын - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Витас: Жеке өзім сотқа барған жоқпын. Алдағы уақытта да бармаймын

Витас: Жеке өзім сотқа барған жоқпын. Алдағы уақытта да бармаймын

Витас Димаш Құдайбергеновке “Опера 2” әнін айтуға тыйым салынғанына қатысты пікір білдірді. Әнші өз тарапынан оның үстінен еш шағымданбаған. Мұны оның продюсері жасап отыр екен.

  • 3 Ақпан 2017
  • 1380
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань өлкесінің Чаңша қаласында өтіп жатқан «I am singer-2017» байқауының екінші кезеңінде тағы да жеңіске жетті. Бұл екінші турда ол Витастың «Опера-2» әнін орындады. Соған байланысты Витастың продюсері Димаштың үстінен шағым түсірді. Алайда Витастың өзі Димашты құрметтейтінін, жеке өзі барып сотқа шағымданбайтынын айтып жатыр.

“Құрметті достар! Ресми мәлімдеме жасағым келіп тұр. Соңғы 4 күн ішінде әлеуметтік желіде жұрт мені жерден алып, жерге салды. Мен кез келген өнер саласына, шығармашылық адамына құрметпен қараймын. Ешуақытта сотқа жүгініп, біреудің шығармашылығына талдау жасап, әншінің өміріне араласып көрген емеспін. Мұны алдағы уақытта да жасамаймын.


Заң жүзінде атқарылып жатқан істерге келсем, әр артистың айналасында талас тудыратын мәселелер өрбиді. Бұл таластың өрбуіне продюсер мен компания себепші болады. Танымал әншілерге қатысты заң жүзіндегі пікірталастардың тууы – қалыпты үрдіс. Бірақ бұл нәрсе ешуақытта адамның жеке басын қорлап, жағымсыз пікір білдіруге алып келмеуі тиіс. Мен барлығын сабырлы болып, суреттеріме лүпіл басуға шақырамын”, – дейді Витас.