Жарияланды: 390

Витебскіде Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ғимаратында жарылыс болды

Шамамен сағат 02.00-де Витебскіде Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ғимаратында жарылыс болды.

Орын алған оқиға жөнінде ақпарат әлеуметтік Twitter және Facebook жүйелерінде 11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні пайда болды, деп жазды Утро. ру. Әлеуметтік жүйені қолданушылар қаланың орталығында, Советский көшесінің бойында орналасқан ведомствоның ғимаратында болған жарылыс жөнінде хабарлады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, кейбір терезелер сынған. Хабарланғандай, ғимараттың жанында және қаланың орталығында адамдар жаппай ұсталды. Құқық қорғау органдары болған оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмей отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін