Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Америкаға виза шықты. Белет алынды. Бәрі расқа айналды. Машинаны сатып, үйді жалға беру керек. Бану фейсбукқа пост салыпты. Машинаны туысқан қарындасым алды. “Осыншаға бер”,-деп алып кетті. Үйді “Крышаға” салып едік, бірінші адам хабарласты. Үйді көрсетуге бардым. Жас отбасы кіріп келді. Үлкені бесте, кішісі екіде үш баласы бар екен. Балақандар үйді еркін аралап кетті. Тартпаларды ашып көріп жүр. Ақын-жазушылардың өмірінен білеміз, естеліктерінен оқығанбыз. Орыстар балалы-шағалы адамдарды кеудесінен кері итерген. Сол жаман әдет бүгін де бар. Сондағысы үйді бүлдіреді деген пиғыл. Жыным келеді. Бұрынғылардікі түсінікті, бүгінгілерге не жоқ. Біздің үй де күшті. Бәрі аппақ, жап-жаңа. Бірақ мен өйтіп кергімедім. Ұл тұрса да, қыз тұрса да, жастар, студенттер тұрғаннан кейін-ақ белгілі. Ырду-дырдусыз болмайды. Сыра ішіліп, темекі шегіледі. Дарақы күлкілер, әртүрлі дауыстар шығады. Үйдің аурасы бұзылады. Онанда сәбилердің күлкісі естілсін. Кілтті ұстатып кете бардым. Бұл алғашқы қадам болды», — деп жазды жазушы.