Өз кезегінде ол GGG жеңісі кезінде Геннадийдің жұртшылықтың назарына түсе бергісі келмейтін қарапайымдылығын атап өтті, деп жазады sports.kz.
«Боксқа Геннадий сияқтылар өте қажет. Ол жұртшылықтың назарына ілікті. Ағылшыншасы да жақсарып келеді. Халық оның шынайы қасиеттерге ие жан екенін мойындады. Ол Дэвид Хэй емес. Головкин жан салып дайындалады. Бар ынта-жігерімен бокстасады. Оның бір жымиысының өзі миллион долларға татиды.
Қарапайым да ашық, ол нағыз чемпион. К2 онымен жұмыс істеуге мүмкіндік алғанына қуаныштымын», — деді Кличко.
Украиндық ауыр салмақты боксшы Генадий жекпе-жегіне арналған медиа-шараларға неге қатыспайтынын айтты.
«Гена жекпе-жегінде мен алға шықпаймын, себебі ол оның шоуы. Оның шілдеде өткен Madison Square Garden-дағы сайысында болдым. Бірақ ешқайсысына болыспадым. Иә, К2 менің компаниям. Алайда оның қызметкерлері боксшылардың жетістігі үшін қажетті жағдайдың бәрін жасайды. Головкин жекпе-жегінде мен емес, ол басты жұлдыз. Оған мен қажет емеспін, сондықтан сырттан бақылаймын».