Владимир Маяковскийдің мұражайынан 50-дан астам экспонат ұрланды
Владимир Маяковскийдің мемлекеттік мұражайы қорынан 52 экспонат қолды болды. |
Олардың ұрланғаны 2007 және 2009 жылдары жүргізілген Мәдениет министрлігінің тексерісі барысында анықталды. Бұл туралы астаналық мәдениет департаментінің басшысы Сергей Капков хабарлады. Жоғалып кеткен материалдардың ішінде суретші Александр Родченконың жұмыстары мен танымал ақын Маяковскийдің жеке заттары бар.
Родченконың жұмыстарынан басқа, мұражайдан «Рабочий один слаб», «Если ты стал на работе инвалид», «Окно РОСТА №883» сияқты кәсіподақ плакаттары, сондай-ақ ақынның көзілдірігі, жазу жиынтығынан майшам және басқа да заттар қолды болды.
Экспонаттар мұражайды қайта жаңғырту үшін жәдігерлерді Мәскеудің 7 бірдей ауданына апарған кезде жоғалды. Мұражай директоры Светлана Стриженова мәлім еткендей, кейін екі экспонат шетелден табылып, Ресейге қайта қайтарылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін