Владислав Челах алқа билер сотынан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владислав Челах алқа билер сотынан бас тартты

Владислав Челах алқа билер сотынан бас тартты

«Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтірді деп айыпталған шекарашы Владислав Челах алқа билер сотынан бас тартты.

  • 12 Қараша 2012
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Ол (Челах-ИФ-Қ) барлық өтініштерді мақұлдады. Челах алқа билер сотынан бас тартты», — деп дүйсенбі күні Талдықорған гарнизонының әскери сотында өткен алдын-ала тыңдаулардан кейін журналистерге оның адвокаты Серік Сәрсенов мәлім етті.

С.Сәрсенов атап өткендей, В.Челах сондай-ақ қылмыстық істердің құпия үш томын қарау үшін мемлекеттік құпияларға қолы жетімді қорғаушыларының бірі Асқар Мұхамедсадықовтан да бас тартыпты.
Сот бірінші сот отырысының орны мен күнін келісу үшін ақылдасушы бөлмеге шықты.