Владислав Челах алқа билерден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владислав Челах алқа билерден бас тартты

Владислав Челах алқа билерден бас тартты

Владислав Челах алқа билерден бас тартты. 14 әріптесі мен 1 қорықшыны қырып салды деп айып тағылған сарбаз алғашқы тыңдауда осындай тосын мәлімдеме жасады.

  • 13 Қараша 2012
  • 289
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Челах істі алқа билердің қарауын өтінсе, бүгін ол ойынан тағы да аяқ-асты айнып шыға келген. Бүгін Талдықорған гарнизонының әскери сотында ол алқа билердің әділ шешім шығаратына күмән келтіріпті. Оны қорғаушы тарап та осы пікірде. Қазақ-қытай шекарасындағы қанды қылмысқа қатысты қамалған қарағандылық сарбаздың құбылып шығуы тек бұл емес. Бүгін Челах тіпті мемлекеттік құпиясы бар материалдар бойынша қорғауы тиіс адвокаты Асқар Мұхаметсадықовтың көмегін де қажет қылмады.

Серік Сәрсенов, В. Челахтың адвокаты:

Челах көзбояушылықпен айналысып жүрген адвокатынан да бас тарту жайлы өтініш білдірді. Сот бұл өтінішті қанағаттандырса, онда құпияда сақталуы тиіс істер бойынша өзім қорғауыма тура келеді. Сонымен қатар істі алқа билердің қарауынан бас тартамыз. Себебі оларға қысым көрсетіліп, көздеген сот үкімі шығарылуы әбден мүмкін.

Алғашқы тыңдау жабық есік жағдайында өткендіктен оған тілшілер қауымы қатыстырылмады. Ал 19 қарашада басталатын негізгі процесс ашық өтпек.


Бас прокуратура барлығы жария түрде өтетініне сендіріп отыр. Тек құпия материалдар қаралар кезде отырыстың жабық түрде жүргізілетінін ескертуде.

Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның ресми өкілі: 

— Бұл олардың құқығы. Осыған байланысты Челахқа қатысты іс  сотпен алқа билердің қатысуынсыз қарастыралатын болады. Прокуратура сотта жорамал мен өсек аяңдарға емес, анық шынайы деректерге сүйеніп айыптаудың негізіне салынған жағдайларды дәлелдеуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар