Жарияланды: 410

Владислав Челах өз адвокаттарына сөзжарысқа қатысуға тыйым салды

Владислав Челах өз адвокаттарына сөзжарысқа қатысуға тыйым салды

«Арқанкерген» бекетінде он бес адамның өліміне кінәлі деп айып тағылған шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Жумағайша Саржанова соттан өз қорғалушысын Қазақстан қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша ақтауды сұрайды.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі мәлімдегендей, Ж.Саржанова В.Челахты 96 (кісі өлтіру), 175 (ұрлық) (екі мәрте), 255 (қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдар ұрлау немесе талап ету), 172 (мемлекеттік құпияларды алу, жария ету, тарату), 373 (қашу) баптары бойынша ақтауды сұрады. 387-бап (әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) және 251-бап (қаруды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, алып жүру) бойынша кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырмайтын жаза қолдануды және зардап шеккендердің талап-арыздарын қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. «Арқанкерген» бекетінде он төрт шекарашы мен қорықшыны өлтірді деп айып тағылған шекарашы Владислав Челах өз адвокаттарына сөзжарысқа қатысуға тыйым салды. «Мен айтқан бетімнен қайтпаймын. Адвокаттарыма сөзжарысқа қатысуға жеткілікті уақыт бермегендіктен, ұстанымым өзгерген жоқ. Мен адвокаттарыма сөзжарысқа қатысуға тыйым саламын, өйткені бұл менің жағдайыма кері әсер етуі мүмкін», - деп бүгін Талдықорған қалалық сотында қорғаушы С.Естияров В.Челахтың мәлімдемесін оқып берді. С.Естияров өз басы сөзжарысқа қатысудан бас тартпайтынын, бірақ қорғалушысының еркіне қарсы шығуға құқы жоғын айтты. Сөзжарысқа қатысуға бел буған үшінші адвокат Жұмағайша Саржанова: «Мен өз қорғалушым Владислав Челахтың атынан қатысамын. Қорғалушым мойындаған айыптардан басқасымен келіспеймін», деп мәлімдеді. Адвокат Серік Сәрсенов бүгін сөзжарысқа қатысуға сотқа келмеді. Ал таңертең Челахты қорғаушы адвокат Серік Сәрсенов бүгін тараптардың сөзжарысына қатысу үшін сот отырысына келмеді. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі мәлімдегендей, В.Челахтың мемлекеттік құпияға рұсқаты бар екі адвокаты Жұмағайша Саржанова мен Серік Естияров сөзжарысқа дайын екендіктерін мәлімдеген. Сот хатшысы С.Сәрсенов сөзжарысқа неге келмегенін хабарламағанын мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін