Владислав Челах. Сот залынан репортаж. Сәрсенбі. - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владислав Челах. Сот залынан репортаж. Сәрсенбі.

Владислав Челах. Сот залынан репортаж. Сәрсенбі.

Адвокат Челахқа қайтадан психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізуді сұрады

  • 21 Қараша 2012
  • 787
Фото - Caravan.kz

«Арқанкерген» бекетіндегі 15 адамның өліміне кінәлі деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов бүгін Талдықорғанда В.Челахқа қайтадан психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу туралы өтінішін оқып берді.

«Арқанкерген» бекетіндегі 15 адамның өліміне кінәлі деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челах сотқа сенбейтінін айтып бүгін сот отырысына қатысудан бас тартты.
«Мен өз құқығымды бұзып отырған залдағы прокурорлар мен сотқа сенбеймін. Камерадан шығудан, сот отырысына қатысудан бас тартамын», — деп адвокат Серік Сәрсенов В.Челахтың мәлімдемесін оқып берді.
Адвокаттың айтуынша, В.Челах сотта дәлелдемелер зерттелгеннен кейін айғақтар келтіретінін атап көрсетті.
Қазіргі кезде В.Челахқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі қайта басталды, алайда айыпкердік өзі сот залында жоқ.
«Сот айыпкер жоқ болғанымен сот отырысын жалғастыру туралы қаулы етті», — дейді судья Ербол Ахметжанов. Ол егер В.Челах жауап берем десе, ондай мүмкіндік берілетінін айтады.
Сәрсенбі күні таңертең Талдықорғанда сот отырысы барысында В.Челах өз денесіне жарақат салмақ болғаннан кейін залдан шығарып әкетілді. Ол пластик кесіндісімен қолын тілген, алайда жарақаты ауыр емес. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Алдыңғы жаңалықтар

Сот процесінің барысында сотталушы Владислав Челах өз-өзіне қол салмақ болды.

Ол сот залына кескіш затты алып кіріп, онымен қолындағы тамырларын кесуге әрекеттенді. Бірақ қарауыл қауіпті затты алып үлгерді.

Қазіргі кезде Владислав Челахқа медициналық көмек көрсетілуде. Бұдан басқа, сот залындағы процесс барысында қаза тапқан командир Киреевтің зайыбы есінен танып қалды.
Оны шығарып жатқан уақытта жәбірленушілер «Не болғанын жасырмай айт! Бәрін айтсын!», — деп айқай салды. «Мен ештеңе айтпаймын! Мен сотқа қатысудан бас тартамын!», — деп жауап берді Владислав Челах.
Судья Челахтың қолында жаралағыш құралы қалай пайда болғанын анықтауды тапсырды.
«ИФ-Казахстан» сотта анықтағандай, В.Челах «қолындағы күре тамырын кесіп жібермекші болған».
-Қазір оған және өздерін жаман сезінген бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан агенттігі.
Агенттік тілшісі хабарлағандай, В. Челах оқыс әрекетті судья Ербол Ахметжановтың қорғаушы тарабынан жасаған кезекті өтінішін кері қайтарғанынан кейін жасаған көрінеді.
Адвокат Серік Сәрсенов қылмыстық іс материалдарынан Владиславтың анасы Светлана Ващенко мен тағы бір белгісіз әйелмен арасындағы болған телефон әңгімесінің «жасырын тыңдалғанын» алып тастау және т.б. өтініш жасаған болатын.
Сондай-ақ, адвокат жауап алу процесін өзгертуді сұраған. Ол (адвокат) соттта жәбірленушілер бірінші болып шығып, содан кейін ғана В.Челахтың мойындағаны туралы бейнекөріністі көрсетулі талап еткен.
«Куәгерлерден жауап алынбас бұрын жасалған трансляция жәбірленушілерге әсер етуі мүмкін, сол себепті олар Владислав Челахқа қатысты жасайтын мәлімдемелерін өзгертіп жіберуі ықтимал», — деді адвокат Сәрсенов.
Қазір сотта үзіліс жарияланды.

Жалғасы

Владислав Челах күре тамырын сотталушылар отыратын бөлмедегі орындықтан жұлынып алынған пластикпен кеспек болған
, —

деп хабарлайды Алматы облысы ІІД қызметкері Ануар Сапыржанов.
«Сотталушылар отыратын бөлмеде болған кезде орындықтың шетінен платиктің бір үзігін жұлып алған. Пластик ламинацияланған ДСП-дан жасалған. Осы бір жапырақ пластикпен денесіне жарақат салмақ болған. Аталмыш факті тіркеліп, жазылды», — деді А.Сапыржанов.

Адвокат Серік Сәрсеновтің «Арқанкерген» бекетінде «15 емес, 18 адамның мәйіті табылған» деген мәлімдемесі сот арқылы тексеріледі, — деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.
«Мемлекеттік айыптау 15 адамның мәйітіне байланысты жасалған болатын», — деді Сүйіндіков.
Сонымен қатар Н.Сүйіндіков адвокат Серік Сәрсеновтің жасаған мәлімдемесі сотта қаралатынын айтты. «Челахтың адвокаты, менің білуімше, оның мәлімдемесімен қоса «18 мәйіт табылғаны туралы)- сотта егжей-тегжейлі қаралмақ», — деді Бас прокуратураның ресми өкілі.
Естеріңізге сала кетсек, сейсенбі күні С. Сәрсенов Талдықорғанда өтіп жатқан соттың үзілісі кезінде журналистерге өртеніп кеткен «Арқанкерген» заставасында 15 адамның емес, 18 адамның мәйіті табылған деп мәлімдеген болатын.
«Мен ресми түрде жариялаймын, оқиға болған жерде 18 адамның мәйіті табылған. Бұны мен іс материалдарына сүйеніп айтып тұрмын» , — деген болатын С.Сәрсенов.
«Ол кімнің мәйіттері, (ИФ — тексерісі) екені анықталмаған, және бұл фактіні жасырған. Және бұл айыпталушы туралы қаулыда да, айыпталушыны қамауға алу туралы қаулыда да көрсетілмеген», — дей келе, оның тұжырымдамасы «тек аталмыш істің материалдарын сотта тексеру кезінде дәлелденеді».
Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашада Талдықорған қаласында «Арқанкерген» заставасында 14 қызметтесін және аңшыны өлтірді деген күдікпен ұсталған В.Челахқа қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты сот басталған болатын.

Соңғы жаңалықтар