Внуковода ұшақ апатты жағдайда жерге қонды, адам шығыны бар
Ресейлік Red Wings әуекомпаниясының Ту-204 ұшағы мәскеулік Внуково әуежайында апатты жағдайда жерге қонды, деп хабарлады РБК. |
Лайнер жерге қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, отқа орнанды.
ІІМ-нің берген ақпаратына қарағанда, Чехиядан ұшып келе жатқан ұшақтың бортында 12 адам, оның ішінде экипаждың 4 мүшесі мен 8 жолаушы болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша 2 адам көз жұмып, 3-уі зардап шекті.
ТЖМ-нан хабарланғандай, төтенше жағдай орын алған жерде 124 құтқарушы мен 12 техника жұмыс істеуде. Апатты жағдайда ұшақ жерге қонған Киев тас жолы аумағы екі жақтан да жабылды.
РФ Премьер-Министрі Дмитрий Медведев Внуковода болған төтенше жағдайды тексеру бойынша комиссия құруды тапсырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін