Волейбол: әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-турының соңғы ойындары өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-турының соңғы ойындары  өтуде

Волейбол: әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-турының соңғы ойындары өтуде

Бүгін Қарағандыда 5 наурызда басталған волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары өз мәресіне жетеді.

  • 13 Наурыз 2012
  • 445
Фото - Caravan.kz

Онда алматылықтар Павлолар облысының «Ертіс-Қазхром», теміртаулықтар («Металлург АМТ») астаналықтармен, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») Алматы облысының «Жетісу» командасымен күш сынасуда.

Алғашқы 6 кездесудің қорытындысы бойынша, «Жетісу» мен «Астана» — 12, «Қарағанды» (Қарағанды облысы) мен «Ертіс-Қазхром» — 8, «Алматы» — 7, «Металлург АМТ» — 3, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 1 ұпай жинады. Соның нәтижесінде командалар турнир кестесіндегі орнын өзгерткен жоқ. Қазір алғашқы үштікте «Жетісу» (66 ұпай), «Астана» (51 ұпай), «Ертіс-Қазхром» (39 ұпай) келе жатыр. Одан кейінігі орындарға «Қарағанды» (28 ұпай), «Алматы» (20 ұпай), «Метауллург АМТ» (16 ұпай) мен «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» (7 ұпай) сәйкесінше орналасты.