Волейбол: Әйелдер командалары арасында "Жетісу" командасы көш бастап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Әйелдер командалары арасында "Жетісу" командасы көш бастап келеді

Волейбол: Әйелдер командалары арасында "Жетісу" командасы көш бастап келеді

Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ХІХ Қазақстан чемпионатының 2-турында Алматы облысының «Жетісу» командасы көш тізгінін өз қолына берік ұстауда.

  • 13 Қаңтар 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz


Бүгін олар Қарағанды облысының («Қарағанды») командасын ойсырата ұтты (25-19, 25-18, 25-18). Ал астаналықтар мен Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром», теміртаулық «Металлург АМТ» пен алматылықтар арасындағы кездесулер 3:1 есебімен аяқталды. Алғашқы турда 2-орын алған қарағандылықтар бұл жолы қатарынан екінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.