Волейбол: әйелдердің жоғары лигадағы «А» тобы командалары арасында ел біріншілігінің үшінші турында «Грация-Астана KZ» жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: әйелдердің жоғары лигадағы «А» тобы командалары арасында ел біріншілігінің үшінші турында «Грация-Астана KZ» жеңіске жетті

Волейбол: әйелдердің жоғары лигадағы «А» тобы командалары арасында ел біріншілігінің үшінші турында «Грация-Астана KZ» жеңіске жетті

18 ақпан күні Оралда әйелдердің жоғары лигадағы «А» тобы командалары арасында ел біріншілігінің үшінші туры мәреге жетті.

  • 19 Ақпан 2013
  • 447
Фото - Caravan.kz

Соңғы күні «Қостанайды» 3:1 есебімен тізе бүктірген Оралдың «Грация-Астана KZ» командасы осы турдың жеңімпазы атанды. Олар Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысына» ғана 2:3 есебімен жол беріп, қалған кездесулерінің бәрінде жеңіске жетті.

Жалпы, үш турдың қорытындысы бойынша бұрынғыша өскемендіктер алда келеді. Өткен жылы ұлттық лигада өнер көрсеткен «Шығыстан» біраз ойыншылар кетіп қалғанымен, қазіргі жас волейболшылар да өз шеберліктерін танытып келеді. «Қостанай» командасы екінші орынға орнықса, оралдықтар үшінші сатыда тұр.

Көптеген жылдан бері «Грацияны» жаттықтырып, тер төгіп келе жатқан Көлеңке Ғұбашевтің пікірінше, Оралдан да ұлттық лигада ойнайтын жақсы команда жасақтауға болады. Ол үшін, алдымен қаржы қажет, сосын команданы шебер ойыншылармен, соның ішінде легионерлермен толықтыру керек. Шындығында, волейбол командасына футболдағыдай аса көп қаржы кетпейді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера