Біріншілікке қатысатын алты команданың қатарында «Алматы», «ТНК «Казхром» (Хромтау), «Есіл» (Петропавл), «Атырау», «ШығысҚорғанысҚұрылыс» (Өскемен) клубтарымен бірге Оралдың «Конденсаты» да өнер көрсетеді.
«Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің айтуынша, команданы бұрын «Жайық-Конденсатты» баптаған Александр Перегуда жаттықтырады. Оның орнына «Конденсаттан» Игорь Никольченко барды. Айрат Шигапов, Сергей Сафронов сынды ойыншылар командадан кетсе, Орал волейболының жас түлектері, жарақатынан жазылған 1990 жылғы Виталий Вориводин, бойы 202 сантиметр Антон Кузнецов алаңға шығады. Көп жыл «Конденсаттың» намысын қорғаған либеро-ойыншы Қайрат Байбеков Ресей чемпионатының «А» жоғары лигасында өнер көрсететін Новосібірдің «Локомотивіне» ауысса, оның орнын тағы бір жергілікті жас талант Мирлан Бадашев баспақ. Сондай-ақ командаға беларусь жігіті Алексей Терешко мен украиналық 1989 жылғы Михаил Пронин алынып отыр.