Волейбол: Өскемендіктер көш тізгінін ешкімге берер емес - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Өскемендіктер көш тізгінін ешкімге берер емес

Волейбол: Өскемендіктер көш тізгінін ешкімге берер емес

Өскеменде волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының ақтық туры өтіп жатыр.

  • 13 Сәуiр 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz


Онда алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша 1-6-шы орынды сарапқа салып жатқандар арасында жарыс иелері «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» мен Қостанайдың «Иволгасы» жеңіліссіз келе жатыр. Ал 7-10 орынға таласып жатқандар арасында астаналықтар («Астана-2») ғана жоғары нәтижеге қол жеткізе алды. Жалпы бұған дейінгі 4 турда өскемендіктер -66 , теміртаулықтар ( «Спартак АМТ») — 52, қостанайлықтар — 49, оралдықтар («Грация») — 41, алматылықтар («Алматы-ЦСКА») — 38, «Қарағанды-2» (Қарағанды облысының) — 23, астаналықтар — 38, павлодарлықтар («Қазхром») — 31, шымкенттіктер ( «Қазығұрт») — 7, «Жетісу-2″( Алматы облысының) — 6 ұпай жинаған болатын.