Бұл алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде алтылықтың қатарына енгендерге 1-6-шы орындарды, ал өзге 4 команда үшін 7-10-шы орынды сарапқа салатын ақтық кезең болмақ. Қазір бұған дейінгі 4 турдың қорытындысы бойынша 66 ұпаймен көш бастап келе жатқан «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» өз алаңындағы кездесудің бәрін жеңіспен аяқтауда. Оған 2-3-ші орындағы теміртаулықтар («Спартак АМТ») 3:2, ал қостанайлықтар («Иволга») 0:3 есебімен есе жіберді.
Бүгін алтылықтағы «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Спартак АМТ», «Иволга», «Грация-KZ» (Орал), «Алматы-ЦСКА» (Алматы) мен «Қарағанды-2»( Қарағанды облысы) бір күндік демалыс алды. Ал 7-10 орындардағы командалар арасында «Астана-2» (Астана) мен «Жетісу-2» (Алматы облысы), «Қазхром» (Павлодар) мен «Қазығұрт» (Шымкент) жарысты одан әрі жалғастыруда. Жалпы айналым жүйесі бойынша өтіп жатқан ел чемпионаты 16 сәуір күні өз мәресіне жететін болады.