Волейбол: Қазақстанның қыздар құрамасы Вьетнамда өтетін XV Азия чемпионатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Қазақстанның қыздар құрамасы Вьетнамда өтетін XV Азия чемпионатына қатысады

Волейбол: Қазақстанның қыздар құрамасы Вьетнамда өтетін XV Азия чемпионатына қатысады

Қыркүйектің 12-сі мен 20-сы аралығында Вьетнамның Хошимин қаласында волейболдан жастар командалары арасында XV Азия чемпионаты өтеді.

  • 6 Қыркүйек 2010
  • 798
Фото - Caravan.kz


Қазақстанның қыздар құрамасын аталмыш біріншілікке Людмила Перевертова мен Анатолий Дьяченко бастап барады. Бұл чемпионатта барлығы 4 топқа бөлінген 15 команда сынға түседі. Жерлестеріміз «А» тробында Жаңа Зеландия және Вьетнам құрамаларымен бірге ойнайды. «В» тобында Гонконг, Индонезия, Жапония, Шри-Ланка; «С» тобында Фиджи, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Тайланд, ал «Д» тобында Иран, Корея, Австралия және Қытай құрамалары өнер көрсетеді. Алдын-ала кезеңде Қазақстанның қыздар құрамасы қыркүйектің 13-і күні Жаңа Зеландиямен, 14-і күні Вьетнаммен ойнайды.