Волейбол: «Жетісу» көш тізгінін ешкімге ұстатар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: «Жетісу» көш тізгінін ешкімге ұстатар емес

Волейбол: «Жетісу» көш тізгінін ешкімге ұстатар емес

Бүгін Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-турындағы ақтық кездесулер өтіп жатыр.

  • 10 Наурыз 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

5 наурызда жалауы көтерілген бұл жарыста 6 команда бақ сынауда. Онда 4 күннің қорытындысы бойынша Алматы облысының «Жетісу» командасы ғана барлық кездесуді өз пайдасына шеше алды. Олар теміртаудың «Металлург АМТ» волейболшыларын 3:0, ал «Астана», «Қарағанды», «Ертіс- Қазхром» (Павлодар) командаларын 3:2 есебімен тізе бүктірді. «Жетісулықтар» бұл жолы да турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қала алды.

Олар ақпанның 8-13 күндері Павлодарда өткен 3-турда ұпай қорын 29-ға дейін жеткізген еді. Онда үздік үштікті түйіндеген Қарағанды облысының волейболшылары — 24, Павлодардың «Ертіс-Қазхромы» 23 ұпай жинаған болатын.