Онда Алматы облысының «Жетісу» командасы 59 ұпаймен ел чемпионы атанды. Күміс және қола жүлдені 49 ұпайдан жинаған Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» мен Қарағанды облысының «Қарағанды» командалары бөлісті. Ал турнир кестесінің 2-жартысындағы өзге командалардан «Астана» — 45 ұпай, «Алматы» — 36 ұпай, «Металлург АМТ» (Теміртау қаласы) — 32 ұпай жинап 4-6 орынға табан тіреді. Жарыс қарытындысында «Жетісудан» Ольга Дробышевская, «Алматыдан» Людмила Исаева, «Қарағандыдан» Радмила Береснева «Ертіс-Қазхромнан» Елена Эзау, «Астанадан» Ольга Грушко, «Металлург АМТ-дан» Екатерина Акилова үздік ойыншы деп танылды.