Волейбол: Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командаларының ақтық турына астаналықтар қатыса алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командаларының ақтық турына астаналықтар қатыса алмады

Волейбол: Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командаларының ақтық турына астаналықтар қатыса алмады

Таразда кеше волейболдан Жоғарғы лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-туры басталды.

  • 15 Сәуiр 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz


Наурыздың 15-21 күндері Теміртауда өткен 4-турдың қорытындысы бойынша 9 ұпаймен турнир кестесінде ең соңғы орынға тұрақтаған «Астана» командасы қаржылық қолайсыздықтарға байланысты қатыса алмады. Сол себепті команданың ақтық турдағы барлық кездесуіне енді 0:3 есебімен жеңіліс жазылады. Қазір ел чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының қос командасы көш бастап келе жатыр. Турнир кестесіне көз жүгіртсек «Семей» — 74, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) — 63, «Тараз-ТарМУ» — 61, «ТНК Қазхром-2» (Хромтау) — 47, «Қорқыт-Ата ҚМУ» (Қызылорда) — 36, «ВСМК- Арселормиттал» ( Теміртау) — 35, «КинЭУ» (Қостанай) — 11 ұпай жинаған болатын. Кеше өскемендіктер қостанайлықтарды, тараздықтар терімтаулықтарды 3:0, ал хромтаулықтар қызылордалық құрдастарын 3:1 есебімен ұтып қоржындарына алғашқы ұпайларын салды.