Волейболдан әйелдер арасындағы чемпионаттың 4-турында бүгінгі 3 кездесуде де бірдей есептер тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан әйелдер арасындағы чемпионаттың 4-турында бүгінгі 3 кездесуде де бірдей есептер тіркелді

Волейболдан әйелдер арасындағы чемпионаттың 4-турында бүгінгі 3 кездесуде де бірдей есептер тіркелді

Павлодар қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Ұлттық лигадағы Қазақстан чемпионатының 4-турында бүгін барлық кездесуде 3:0 есебі тіркелді.

  • 17 Ақпан 2012
  • 361
Фото - Caravan.kz


Онда алдымен «Алматы» мен «Металлург АМТ» (Теміртау) спортшылары кездесті. Одан кейін «Қарағанды» мен «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» (Өскемен) және Алматы мен Павлодар облыстарының «Жетісу» мен «Ертіс-Қазхромы» өзара жұп құрады. Жеңіске жеткен 3 команда да турнир кестесінде қарсыластарынан алда келе жатыр. Мәселен қазір «Жетісуда» — 60, «Астанада» — 42, «Ертіс-Қазхромда» — 38, «Қарағандыда — 31, «Алматыда» -26, «Металлург АМТ-да» — 13, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» — 6 ұпай бар. Ертең енді жетісулықтар қарағандылықтармен, алматылықтар өскемендіктермен, ал астаналықтар павлодарлықтармен күш сынасады.