Волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада «жетісулықтар» 3-турда да көшбасшылықты сақтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада «жетісулықтар» 3-турда  да  көшбасшылықты сақтап қалды

Волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада «жетісулықтар» 3-турда да көшбасшылықты сақтап қалды

 Ақпанның 8-13 күндері Павлодарда волейболдан әйелдер арасында Ұлттық лигада ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары өтті.

  • 14 Ақпан 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz


Онда мүмкін болған 10 ұпайдың 9-ын өз қоржынына салған Алматы облысының «Жетісу» командасы 29 ұпаймен турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді сақтап қалды. Алғашқы 2 турда жеңілістің ащы дәмін татпаған «жетісулықтар» 9 ақпанда Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромына» ғана 2:3 есебімен есе жіберген болатын. 3-турда турнир кестесінде ешқандай өзгеріс болған жоқ. 24 ұпаймен үздік үштікті түйіндеген Қарағанды облысының волейболшылары («Қарағанды») «Ертіс-Қазхроммен» арадағы ұпай айырмашылығын 1-ге дейін қысқарта алды. Ал 4-6 орындарда келе жатқан астаналықтарда 22 ұпай, алматылықтарда 20 ұпай және Теміртаудың «Металлург АМТ» командасында 15 ұпай бар. Жалпы, ел чемпионатының келесі туры енді 5-10 наурыз күндері Қарағандыда өтетін болады.