Волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрамаға Әлем чемпионатында үздік 16 команданың қатарына ену міндеті жүктеліп отыр - ҚР Волейбол федерациясының Бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрамаға Әлем чемпионатында үздік 16 команданың қатарына ену міндеті жүктеліп отыр - ҚР Волейбол федерациясының Бас хатшысы

Волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрамаға Әлем чемпионатында үздік 16 команданың қатарына ену міндеті жүктеліп отыр - ҚР Волейбол федерациясының Бас хатшысы

Волейболдан әйелдер арасында қазанның 29-ы мен қарашаның 14-і аралығында Жапонияда өтетін Әлем чемпионатында қазақстандықтар екінші кезеңге өтуді алдына мақсат етіп қойып отыр.

  • 18 Қазан 2010
  • 654
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы бүгін Алматыда команда мүшелері мен ҚР Волейбол федерациясы басшыларының қатысумен өткен басқосуда айтылды.

«Әлем чемпионатына 14 ойыншы қатысады. Олардың ішінде 6 жас ойыншы бар. Біздің топта, АҚШ, Германия, Куба, Хорватия және Тайланд құрамалары бар. АҚШ пен Куба бұл топтың айқын көшбасшылары. Біз онда Хорватия мен Тайланд құрамаларының осал тұсын тауып, ұпай алуға тырысамыз», дейді ҚР Волейбол федерациясының Бас хатшысы Ермек Сырлыбаев. Қазақстандықтар биыл байрақты ірі бәсекелерде тайландтықтармен екі рет ақтық сында өзара кездесіп, екеуінде де қарсыластарына есе жіберген болатын. Сондықтан Нелли Щербакованың шәкірттері оның есесін енді Әлем чемпионатында қайтаруға тырысып отыр. Әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде қазақстандықтар өнер көрсететін «С» тобының ойындары қазанның 29-ы мен қарашаның 3-і аралығында Мацумото қаласында болады. Айналым жүйесі бойынша өтетін бұл бәсекеде 24 команда 4 топқа бөлінген. Қарашаның 6-10-ы күндері Токио мен Нагойя қалаларында болатын екінші кезеңге 16 команда өтеді. Онда «А», «Д» топтарында 1-4-ші орын алған командалар «Е» тобына, ал «В», «С» топтарында 1-4-ші орын алғандар F тобына бірігеді. Онда 1-2-ші орын алғандар қарашаның 13-і күні жартылай финалда 1-4-ші орындарды, ал 3-4-ші орын алғандар 5-8-ші орындарды, ал 5-6-шы орны алғандар 9-12-ші орындарға таласатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера