Волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында әзірге 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында әзірге 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында әзірге 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

Бүгін волейболдан Талдықорғанда өтіп жатқан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында жеңіліссіз келе жатқан екі команда өзара кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 5 Қазан 2010
  • 585
Фото - Caravan.kz


Қазанның 2-сі «Өркен» спорт кешенінде жалауын көтерген бұл байрақтыт бәсекеге Алматы облысының «Жетісу», Павлодар облсының «Ертіс-Қазхром» және Алматының «ЦСКА Алматы», Астананың «Астана», Қарағандының «Қарағанды», Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», Теміртаудың «Металлург» командалары қатысуда. Алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша жарыс қожайындары мен қарағандылық волейболшылар ғана жеңілістің ащы дәмін сезінбеуде. Атап айтқанда «Қарағанды» командасы теміртаулықтар мен өскемендіктерден 3:1, алматылықтардан 3:0 есебімен басым түсті. Ал жарыстың алғашқы күні демалыс алған «жетісулықтар», павлодарлықтарды 3:1, астаналықтарды 3:0 есебімен ұтты. Бүгін енді жеңімпаз 2 команда өзара күш сынасатын болады. Жалпы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары қазанның 8-іне дейін созылмақ. Онда үздік шыққан 4 команда ақтық сында кездеседі.