Жалпы бұл байрақты бәсекеде қазақстандықтар тек жартылай сында оңтүстік кореялықтарға (0-3) есе жіберді. Ал Солтүстік Корея құрамасын 3-0 есебімен жеңген жарыс қожайындары ақтық сында, Оңтүстік Корея спортшыларын 3-2 (21-25, 22-25, 25-10, 25-17, 16-14) есебімен ұтты. Соның нәтижесінде қытайлықтар Азия ойындарының жеңімпазы, оңтүстік кореялықтар күміс, қазақстандықтар қола жүлдегер атанды.