Волейболдан ерлер арасында Қазақстан кубогының ширек финалын алматылықтар сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлер арасында Қазақстан кубогының ширек финалын алматылықтар сәтті бастады

Волейболдан ерлер арасында Қазақстан кубогының ширек финалын алматылықтар сәтті бастады

Алматыда волейбол ерлер командалары арасында КСРО Спорт шебері және еңбек сіңірген жаттықтырушы Октябрь Жарылқаповты еске түсіруге арналған Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтіп жатыр.

  • 19 Қазан 2011
  • 488
Фото - Caravan.kz

Кеше алғашқы ойында алматылықтардың қос командасының біреуі ұтылып, екіншісі жеңіске жетті. Атап айтқанда «Ұшқын-ҚазҰАУ» Хромтаудан келген («ТНК «ҚазХром») құрдастарына 0:3 есебімен есе жіберді. «Алматы» командасы «Тараз-ТарМУ»-ды дәл осындай есеппен қапы қалдырды. Өзге кездесулерде Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» Шымкенттің «Динамо-Қазығұртынан» 2:3, ал «Атырау» «Есілден» (Қызылжар) 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Бүгін динамошылар — атыраулықтармен, ұшқындықтар — шығыстықтармен, тараздықтар — есілдіктермен, алматылықтар қазхромдықтармен кездеседі.

«Темір дос» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл жарыс 26 қазанға дейін созылады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера