Волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар алғашқы кезеңде өз тобында 3-орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар алғашқы кезеңде өз тобында 3-орын алды

Волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар алғашқы кезеңде өз тобында 3-орын алды

Волейболдан Тегеранда өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XVI Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-16 орын үшін таласуда.

  • 26 Қыркүйек 2011
  • 344
Фото - Caravan.kz


Иран астанасындағы бұл дүбірлі додаға құрлықтың үздік 16 командасы қатысқан болатын. Онда алғашқы кезеңде өз тобында 1-2 орын алған Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Австралия, Шри-Ланка, Иран мен Пәкістан жүлделі орындарға таласуға мүмкіндік алды. С тобында 3-орын алған Геннадий Паршиннің тәлімгелері алғашқы енді 9-16 орындарды сарапқа салуда. Олар екінші кезеңдегі бірінші ойынын кеше Ауғанстан құрамасымен өткізіп, 3:0 (25-14, 25-13, 25-9) есебімен басым түсті. Енді бүгін Тайпей волейболшыларымен күш сынасып жатыр. Чемпионаттың қорытындысы 29 қыркүйекте өтетін ақтық ойында белгілі болады.