Волейболдан ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-турындағы ақтық ойындары өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-турындағы ақтық ойындары өтті

Волейболдан ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-турындағы ақтық ойындары өтті

Бүгін Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-турындағы ақтық ойындары өтті.

  • 17 Ақпан 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 2 турда қарсылас шақ келтірмеген Алматы облысының "Жетісу" командасы бұл жолы Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрлысымен" болған ойында ғана 1 ұпай жоғалтты. Соған қарамастан мүмкін болған 10 ұпайдың 9-ына ие болған олар турнир кестесіндегі бірінші орынын сақтап қалды. Теміртаудың "ТНК Қазхромы" (25 ұпай) мен Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы" (24 ұпай) үздік үштіктегі орындарын сақтап қалды. Ал Қызылжардың "Есілінде" — 20, Оралдың "Конденсатында" — 19, "Атырауда"(Атырау) — 18 ұпай бар. Ел чемпионатының келесі туры енді 8-13 наурыз күндері Оралда өтеді.