Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы екінші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы екінші орын алды

Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы екінші орын алды

Алматыда 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында волейболдан ерлер арасында «ҚР Президенті кубогы» ХІХ халықаралық турнирі өтті.

  • 4 Қыркүйек 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

Онда тек «Таиланд» құрамасына (0:3) ғана жеңілген Тунис құрамасы 11 ұпаймен кубок иегері атанды. Ал 9 ұпай жинаған «Қазақстан-1», «Таиланд», «Бахрейн» спортшылары 2-4 орынды бөлісті. Қытайдың Бейжің қаласының ««BAIC Motor» командасы 7 ұпаймен бесінші орын алса, қоржынына бірде-бір ұпай сала алмаған «Қазақстан-2» жастар құрамасы соңғы сатыға табан тіреді.

Турнир жеңімпазының тағдыры «Таиланд» пен «Бахрейн», «Тунис» пен «BAIC Motor», «Қазақстан-2» мен «Қазақстан-1» арасындағы ақтық ойында шешілді. Төрт кездесудің қорытындысы бойынша көш бастап тұрған таиландықтар 5-інші орында тұрған бахрейндіктерге 1:3 есебімен есе жіберді. Ал қытайлықтардан 3:2 басым түскен тунистіктер қоржынына 2 ұпай қосып, турнир жеңімпазы мәртебесін иеленді. «Қазақстан-1» құрамасы болса жастарды ойсырата ұтып, таиландықтарды қуып жетіп, партиялардың коэффициенті бойынша қарсыласын турнир кестесінде бір саты төмендетуге мүмкіндік алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера