Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы ХІХ ҚР чемпионатының Хромтау қаласында өткізілетін бірінші турына Оралдың «Конденсаты» да қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы ХІХ ҚР чемпионатының Хромтау қаласында өткізілетін бірінші турына Оралдың «Конденсаты» да қатысады

Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы ХІХ ҚР чемпионатының Хромтау қаласында өткізілетін бірінші турына Оралдың «Конденсаты» да қатысады

19-24 желтоқсан аралығында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХІХ ҚР чемпионатының Хромтау қаласында бірінші туры өткізіледі.

  • 18 Желтоқсан 2010
  • 473
Фото - Caravan.kz

Биылғы біріншілікте «Алматы», «Атырау», «Есіл» (Петропавл), «ТНК Казхром» (Хромтау), «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) командаларымен бірге Оралдың «Конденсаты» да күш сынасады. Осы командалар қалаларында біріншіліктің алты туры өткізіліп, соның қорытындысы бойынша үздік шыққандар плей-офф бәсекесінде жүлделі орындар үшін таласады.

Құрылғанына 10 жыл толып отырған Оралдың «Конденсаты» 2000-2001 жылғы біріншілікте бірден Қазақстан чемпионы атанған болатын. Содан кейін де бірнеше рет чемпионат жүлдегері, кубок иегері атанып үлгерді.

Игорь Никольченко жаттықтыратын оралдық команда биылғы ҚР кубогі үшін бәсекеде қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Құрамында Қазақстанның бас командасына шақырылып жүрген Виталий Вориводин, Қайрат Байбеков сынды ойыншылары бар «Конденсат» биылғы маусымда да жүлделі орындарға қол созуды мақсат етіп отыр.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера