Волейболдан FIVB әлемдік Гран-придің 2-кезеңдік жарысында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы ұпайға қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан FIVB әлемдік Гран-придің 2-кезеңдік жарысында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы ұпайға қол жеткізді

Волейболдан FIVB әлемдік Гран-придің 2-кезеңдік жарысында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы ұпайға қол жеткізді

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде волейболдан әйелдер арасындағы FIVB әлемдік Гран-придің 2-кезеңдік жарысында Қазақстан құрамасы «F» тобындағы алғашқы ойынын Италия құрамасымен өткізді.

  • 12 Тамыз 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 2 партияда Бақытжан Байтөреевтің шәкірттері италияндық құрбыларынан 25:22 есебімен басым түскен болатын. Алайда 3-4 партияларды Барболини Массимоның командасы 25:18 және 25:19 есебімен аяқтады. Соның нәтижесінде ойын тағдыры 15 ұпайға дейінгі тай- брейкте анықталды. Онда 15:12 есебімен басым түскен Италия құрамасы қазақстандықтарға сенсация жасауға мүмкіндік бермеді. Өткен жылғы FIVB-ның әлемдік Гран-при додасында екінші орын алған Италия құрамасы қазір әлемдік рейтингте 4- орында тұр. Ал бұл командадан өзінің алғашқы 2 ұпайын олжалаған Қазақстан құрамасы өз жанкүйерінің алдында үлкен мәртебеге ие болды. Жалпы, алғашқы кезеңде «D» тобында бақ сынаған Б. Байтөреевтің шәкірттері АҚШ, Қытай және Сербия командаларынан 3:0 есебімен ұтылып, 5-тамыз күні Қытайдың Луохе қаласынан қоржындары бос қайтқан еді. Ал «А» тобында өнер көрсеткен Италия құрамасы Польша, Доминикан, Аргентина командалпарын 3:1, есебімен ұтып, Ресей, Бразилия командаларымен бірге 9 ұпай жинап үздік үштікке енген болатын.