Волейболдан халықаралық турнирдің 1 млн. теңге жүлдесі қазақстандық ардагерлерге бұйырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан халықаралық турнирдің 1 млн. теңге жүлдесі қазақстандық ардагерлерге бұйырды

Волейболдан халықаралық турнирдің 1 млн. теңге жүлдесі қазақстандық ардагерлерге бұйырды

Алматыда волейболдан ардагерлер арасындағы халықаралық турнир аяқталды.

  • 12 Наурыз 2012
  • 485
Фото - Caravan.kz

Жарыс көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арнап өткізілді. Екі күнге жалғасқан додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 12 команда қатысты.

Топтық кезеңде «Алмалы-1» (Қазақстан), «ҚазҰАУ-2» (Қазақстан), «Ақтау» (Қазақстан), «Талдықорған» (Қазақстан), «Тәшкент» (Өзбекстан) және «Байқоңыр» (Ресей) командалары бірінші топта өнер көрсеткен болатын. Онда алмалылықтар — бірінші, тәшкенттіктер — екінші, талдықорғандықтар үшінші орын алды.

Ал «ҚазҰАУ-1» (Алматы), «Ардагер» (Шымкент), «Жетісу» (Талдықорған), «Алмалы — 2» (Алматы), «Казахфильм» (Алматы), «Өскемен» (Өскемен) командалары арасындағы 2-топтан, өскемендіктер — бірінші, аграрлық университеттің командасы — екінші, шымкенттіктер үшінші орынға ие болды.

Соның нәтижесінде ақтық сында «Алмалы-1» мен «Өскемен» бірінші, «Тәшкент» пен «ҚазҰАУ-1» үшінші орынды өзара сарапқа салды. Бұл сында бәйгеге тігілген 1 миллион теңгені турнир жеңімпазы атанған «Алмалы-1» командасы иеленді. Екінші орын алған «Өскемен» — 500 мың, үшінші орынға табан тіреген «ҚазҰАУ-1» 300 мың теңге алды.