Волейболдан Қазақстан чемпионатының келесі туры Қызылордада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Қазақстан чемпионатының келесі туры Қызылордада өтеді

Волейболдан Қазақстан чемпионатының келесі туры Қызылордада өтеді

Волейболдан Қазақстанның ерлер командалары арасындағы чемпионаты жоғары лигасы «Б» тобының кезекті үшінші айналымының ойындары алдағы 20-28 ақпан күндері Қызылорда қаласында өтеді.

  • 15 Ақпан 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалованың сөзіне қарағанда, бұл турда Астана, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен, Қызылорда қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе, облыстарынан келетін 8 команда қатысады. Олардың құрамында 112 спортшы ойнайды.

Бұған дейін біріншіліктің бірінші айналымы Тараз қаласында өтсе, екінші айналымы Өскемен қаласында өткізілген. Ал төртінші айналымы наурыз айында Қарағанды қаласында өтеді.