Алғашқы ойында тараздық «ТарГУ» мен теміртаулық «ВСМК Арселор миттал» қала аттас «Семей» мен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғанысҚұрылыс 2» командаларына (0:3) ойсырай ұтылды. Шымкенттік «ЮКО» мен алматылық «ҚазҰАУ», петропавлдың «Есіл» мен павлодардың «Ертісіне» 1:3 есебімен есе жіберді. Ал алматылық «ЦСКА» мен петропавлдық «Есіл-Виктория» командалары арасындағы кездесу алғашқысының пайдасына (3:1) шешілді. Қыркүйектің 17-сіне дейін созылатын бұл сайыста үздік шықан 4 команда енді қазанның 13-20 күндері Хромтау қаласында өтетін Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындарына жолдама алады. Ұлттық лигада топ жарған 4 командамен өткен бәсекеден кейін 4 жеңімпаз одан кейін қазанның 29-ы мен қарашаның 1-і аралығында Алматыда өтетін ақтық сында кездесіп, Қазақстан Кубогының жеңімпазын анықтайтын болады.