Кешеден бері олар Алматыда екінші оқу-жаттығу жиынынын өткізіп жатыр. Ол 4 шілдеге дейін созылмақ. Бас бапкер Александр Гутор бұл жиынға — «Алматыдан» Сана Жарлығасова, Ирина Лукомская, Татьяна Афанасьева, Елена Гордеева, Людмила Исаеваны, «Жетісудан» Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, Людмила Анарбаева, Марина Стороженко, Ирина Шенбергерді, «Астанадан» Ольга Карпова мен Юлия Куцконы, «Ертіс-Қазхромнан» Инна Матвееваны және Канададан Алена Омельченконы шақырып отыр.
Хорватиядағы алғашқы жиыннан кейін құрама сапында бірқатар өзгерістер болды. Бұл жолы команда сапына алматылық Людмила Исаева қосылғанмен, Зарина Сейітқазинова («Астана») мен Наталья Акилова («Спартак АМТ») Вьетнамға бармайтын болды.